Павлодар облысы білім беру басқармасы,Аққулы ауданы білім беру бөлімінің" Жаңатан негізгі жалпы білім беру мектебі" КММ
КГУ "Жанатанская основная общеобразовательная школа " отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области |
|
---|
16
Мамыр
2023
|
- Толығырақ
- Категория: Мұғалімдерге
Барлық оқу пәндерінің педагогтері:
күн сайын сабақ кестесіне сәйкес:
1) 1-4 сыныптарға арналған cынып журналын, 5-11 (12) сыныптарға арналған сынып журналын, факультативтік сабақтар, үйде оқыту журналын, мектепалды сыныптардың журналын (қағаз немесе электрондық форматта);
2) қысқа мерзімді (сабақ) жоспарды (қағаз немесе электрондық word (ворд) немесе pdf (пдф) форматында) жүргізеді;
оқу жылы басталғанға дейін бір рет:
1) пәндер бойынша орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарды (қағаз немесе электрондық word (ворд) немесе pdf (пдф) форматында);
2) тәлімгерлік жоспарды (қағаз немесе электрондық word (ворд) немесе pdf (пдф) форматында) әзірлейді;
тоқсандық қорытынды бойынша:
автоматтандырылған ақпараттық жүйеден автоматты түрде жасалатын және бөлім бойынша жиынтық бағалау мен тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелері бойынша талдауды жүргізеді (қағаз немесе электрондық word (ворд) немесе pdf (пдф) форматында);
оқу жылының қорытындысы бойынша бір рет:
негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейіндегі оқыту курсы үшін емтихан хаттамасы (қағаз немесе электрондық word (ворд) немесе pdf (пдф) форматында) жүргізеді.
9 (10), 11 (12) сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау хаттамаларын (қағаз немесе электрондық word (ворд) немесе pdf (пдф) форматында).
Сынып жетекшісі:
оқу жылы басталғанға дейін бір рет және оқу жылы ішінде:
сынып жеткшісінің жұмыс жоспарын (қағаз немесе электрондық word (ворд) немесе pdf (пдф) форматында) әзірлейді және іске асырады;
тоқсандық және оқу жылының қорытындысы бойынша:
1) 1-4 сынып білім алушысының үлгерім табелін, 5-11 (12) сынып білім алушысының үлгерім табелін (қағаз немесе электрондық word (ворд) немесе pdf (пдф) форматында);
2) білім алушының жеке іс қағазын (қағаз немесе электрондық форматында) жүргізеді.